Синоптиктердің болжамы бойынша, 30 маусымда еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, тек түнде Атырау қаласында ауа сапасы біршама ластанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.