Бүгін долларды қаншадан айырбастауға болады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Коллаж: Kazinform/Freepik

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар 452,84 теңгеден сатып алынады, 459,58 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 523,71 теңге, сату — 533,71 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,00 теңге, сату — 5,28 теңге;
— юань 68,65 теңгеден сатып алынады, 72,60 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар: сатып алу — 454,35 теңге, сату — 456,49 теңге;
— еуро: сатып алу — 527,71 теңге, сату — 531,84 теңге;
— рубль 5,10 — 5,22 теңге аралығында саудаланады.
— юань 68,28 — 70,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 8 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,19 теңге өсіп, 454,46 теңге болды.