Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM - 10 сәуірде еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Фото: Pexels

Синоптиктердің мәліметінше, тек Алматы және Атырау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.