Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — 1 қыркүйек күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 1 қыркүйек, жексенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Ақтөбе, Алматы қалаларында қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.