Бүгін екі қалада ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

– 2026 жылғы 27 қарашада Шымкент, Түркістан қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына қолайлы метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, бүгін, 27 қарашада елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бірнеше өңірде қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ, тұман болып, бұрқасын соғады.