Бүгін екі қалада метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Синоптиктердің болжамы бойынша, 14 тамызда еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, тек Алматы, түнде Атырау қалаларында ауа сапасы біршама ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.