Батыс Қазақстан облысында тіркелген өрт ошақтары жергілікті тұрғындардың хабарламалары негізінде анықталып, мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері оқиға орнына жедел шықты.
Қазіргі уақытта орман шаруашылықтарының қызметкерлері мен қажетті техника жұмылдырылып, өрттерді оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жүргізілген.
— Өрт қауіпті кезеңде азаматтарды табиғат аясында демалу кезінде және орман пайдаланушыларды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз, — делінген хабарламада.
Бұған дейін еліміздің орман қорында бір тәулікте үш өрт оқиғасы тіркелгенін жаздық.