Өңірлер бойынша:
* Қостанай облысы – 1 өрт;
* «Қорғалжын» мемлекеттік табиғи қорығы – 1 өрт;
* «Ертіс орманы» МОТР – 4 өрт;
* «Семей орманы» МОТР – 1 өрт.
Өрт ошақтары орман өрттерін ерте анықтау жүйесі арқылы дер кезінде анықталып, қажетті күштер мен құралдар жедел жұмылдырылды.
Қабылданған үйлесімді әрі жедел шаралардың нәтижесінде өрттер қысқа мерзімде оқшауланып, толық сөндірілді.
Өртті сөндіру жұмыстарына мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорнының әуе өрт сөндіру десантшылары мен тікұшақтары қатысты.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттердің шығу себебі – найзағай разрядтары.
Соңғы уақытта елімізде найзағайлы фронттардың сақталуына байланысты орман өрттерінің туындау қаупі жоғары деңгейде қалып отыр.
Айта кетелік Семей өңіріндегі орман өртін сөндіруге тікұшақтар жұмылдырылған еді.