Бүгін елімізде ауа сапасы бұзылатын қалалар саны онға жетті

Фото: Gazeta.uz

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

— 18 наурызда Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Орал, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске сала кетсек, Алматыда жүздеген автобус ауа сапасын бұзуға себепші болған.