Бүгін елімізде ауа сапасы төмендейтін қалалардың саны 6-ға жетті

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Gov.kz/ ЖИ-мен өңделген

– 1 қазанда Атырау, Ақтөбе, Өскемен қалаларында, түнде Алматы, Жезқазған, Балқаш қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Астанада биыл 1,1 млн-нан астам жасыл желек отырғызылады.

Ал таза ауа жұтуға зар болған Шымкент тұрғындары цемент зауытының жұмысына шағымданды.

Сондай-ақ экологиялық талаптарды сақтамаған Атыраудағы компанияға 1,4 млрд теңге айыппұл салынды.