Бүгін елімізде бір ғана қалада ауа сапасы нашарлайды
03:22, 23 Сәуір 2026
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
– 23 сәуірде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Талдықорған қаласында күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Қазақстан метан шығарындыларын азайтуда нәтижеге қол жеткізді. Бұны Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммит кезінде Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Зүлфия Сүлейменова айтты.