— 30 наурызда Алматы, Астана, Павлодар, Теміртау, Қарағанды қалаларында, сондай-ақ түнде Қостанай және Атырау қалаларында ауаның ластануына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Еске сала кетсек, Атыраудағы шаңды дауылға себеп болған 4 учаске анықталды.
Ал Шымкент еліміздегі ауасы ең көп ластанған 10 қаланың қатарына енді.