-2026 жылғы 21 қарашада Көкшетау, Павлодар, Астана, Алматы, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Балхаш, Талдықорған, Өскемен, Семей және түнде Атырау қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына қолайлы метеорологиялық жағдайлар күтіледі,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Осыған дейін Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайдың бірінші дәрежесі жарияланғаны туралы жаздық.