Бүгін еліміздің 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды
04:55, 25 Сәуір 2026
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 25 сәуірде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Балқаш, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында, түнде Қарағанды, Теміртау қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін елімізде экологиялық жобалардағы әйелдер үлесі артып келе жатқанын жазған болатынбыз.