Синоптиктердің дерегінше, солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ҚР аумағына қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын алып келеді.
- Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда – қар жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі, - деп жазды мамандар.
Айта кетейік, бұған дейін демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын - Қазақстанда 35 градусқа дейін аяз болатынын жазғанбыз.