Бүгін еліміздің барлық қаласында ауа сапасы талапқа сай

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Pixabay.com

— 27 мамырда Қазақстан бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілмейді, — делінген хабарламада. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, экологтер атыраулықтардың шағымынан кейін ауа құрамын тексерді.