Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ құбылыстары күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі мен тұман болжанады.
Ауа температурасы фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 26 қарашаға қарай күндізгі ауа температурасы қолайлы 15 25°С-қа дейін жоғарылайды.
Астанада күн ала бұлтты болады. Кей уақытта жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде −1... 1°C, күндіз 2... 4°C болады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 7... 9°C, күндіз 17... 19°C шамасында болады. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты болып, кей уақытта жаңбыр жауып, тұман түседі. Ауа температурасы түнде 9... 11°C, күндіз 12... 14°C болады. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін.
Айта кетейік, кеше ауа райына байланысты төрт облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді.