Ауа райына байланысты төрт облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. KAZINFORM — Ауа райының бұзылуына байланысты 23 қарашада Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдардың бірқатар учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Солтүстік Қазақстан облысы
23 қараша сағат 21:00-де «Петропавл – Соколовка – РФ шекарасы» автожолының 11–73 шақырым аралығында (Петропавл қаласынан Ресей шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысы тоқтатылды.
Сағат 22:30-дан бастап облыстағы тағы 13 автожол учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Олардың қатарында:
-
«Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 341-473 және 492–522-шақырым аралығы;
-
«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 729-856-шақырым аралығы;
-
«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 595-946-шақырым аралығы;
-
«Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы» автожолының 50-280-шақырым аралығы;
-
«Көкшетау – Рузаевка» автожолының 61–196 шақырым аралығы;
-
«Қостанай – Мамлютка» автожолының 226–406 шақырым аралығы;
-
«Петерфельд – Архангельское – Новокаменка – Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 0–31 шақырым аралығы;
-
«Булаево – Возвышенка – Молодогвардейское – Кирово – Қиялы – Рощинское» автожолының 0–228 шақырым аралығы;
-
«Рощинское – Корнеевка – Волошинка» автожолының 0–87 шақырым аралығы;
-
«Волошинка – Сергеевка – Тимирязево» автожолының 0–119 шақырым аралығы;
-
«Қарасай батыр» мемориалдық кешеніне кіреберіс жолдың 0–24 шақырым аралығы;
-
«Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы» автожолының 0–32 шақырым аралығы;
-
«РФ шекарасы (Қарақоға өткізу пункті) – Петропавл» автожолының 0–120 шақырым аралығы.
Қостанай облысы
23 қараша сағат 22:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты мына жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:
-
«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (РФ шекарасына айналып өту жолымен)» автожолының 685–729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
-
«Қостанай – Мамлютка» автожолының 163–226 шақырым аралығы (Ұзынкөл ауылы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).
Ақмола облысы
Сағат 22:30-дан бастап республикалық маңызы бар мына автожолдарда қозғалыс шектелді:
-
«Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 313–341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
-
«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (РФ шекарасын айналып өту жолымен)» автожолының 856–915 шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы – Жақсы кенті);
-
«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 552–595 шақырым аралығы (Сұрған кенті – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
-
«Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы (Бидайық өткізу пункті)» автожолының 14–50 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
-
«Көкшетау – Рузаевка» автожолының 40–61 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).
Павлодар облысы
Сағат 22:30-да «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан қаласын айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Үрлітөбе өткізу пункті)» автожолының 191–390 шақырым аралығында (Мичурино кенті – Ресей шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Жолдарды ашу 24 қарашаға жоспарланған. Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында сағат 09:00-де, Павлодар облысында сағат 06:00-де қозғалысты қайта бастау көзделген.
Жол жағдайы туралы қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығынан тәулік бойы алуға болады.
Еске салайық, бұған дейін 24 қарашада еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалған еді.