— 12 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Талдықорған қаласында, түнде Алматы қаласында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Еске сала кетейік, Алматыда моншаларға қатысты экологиялық талаптар күшейтілмек.
Сондай-ақ жануарларға қатыгездік пен экологиялық заңбұзушылықтар үшін жаза қатаңдатылады.