Бүгін еліміздің қай қалаларында ауа сапасының нашарлайтыны белгілі болды

Фото: «Атырау» газеті

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

«2025 жылғы 23 желтоқсанда Атырау, Алматы, Павлодар, Балқаш қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, бұған дейін алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын жаздық

Ал кеше Батыс Қазақстанда ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды.