Бүгін еліміздің орталығындағы қалаларда ауа сапасы нашарлайды

Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

– 15 сәуірде Балхаш, түнде Қарағанды және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Каспий теңізіне қатысты экологиялық жобаға миллиондаған доллар бөлінеді.

Сондай-ақ TazaQazBot чат-ботына астаналықтардан 600-ден аса өтінім түсті.