— 11 шілдеде Алматы, түнде Астана, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Қызылордада экология талабын бұзған кәсіпорындарға 3,5 млн теңгеден аса айыппұл салынды.
Ал Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері экологиялық заңнаманы бұзудың 42 дерегі анықталды.