Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: freepik.com

– 4 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Орал, Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске сала кетсек, заңсыз қоқыс үйінділерімен күресу мақсатында Алматыда TazaQala платформасы іске қосылды.

Ал жасанды интеллект Бурабайдағы төрт өрттің алдын алуға көмектескенін жаздық.