Еске сала кетейік, бұған дейін Тәуелсіздік даңғылының Ш. Қалдаяқов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 22-23 мамыр күндері аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектелді.
Кеше № 19, 52 бағдарлардың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді.
Бас қалада сондай-ақ № 19, 28, 52, 66 бағдарлардың қозғалыс бағыты уақытша өзгеретіні хабарланды.
Елордада сондай-ақ Керей Жәнібек хандары көшесінің Ә. Бөкейхан көшесінен Ш. Мұртаза көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 21-25 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс толықтай жабылды.