Бүгін елордада бінеше автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM — № 42, 64, 120, № 46, 2, 50, 48 бағдарларының қозғалыс маршруты уақытша өзгерді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді.

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Бүгін сонымен қатар«Tasty ТҮК» аялдамасына автобустардың тоқтау мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты бағдарлар жолаушыларды аталған аялдамаларда уақытша отырғызып/түсірмейді.

Еске сала кетейік, 4–5 маусымы аралығында Ақан Сері көшесінің Н. Тілендиев даңғылынан Қараменді би Шақаұлы көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсемесінің үстіңгі қабатын төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылатын болады. 

31 мамыр мен 15 маусым аралығында Н. Тілендиев даңғылының Баршын көшесінен көлік жолайрығына дейінгі учаскесінде жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.