Бүгін Еуропа лигасының негізгі кезеңінің ойындары басталады

Фото: TRT

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан UEFA Еуропа лигасы негізгі кезеңіндегі алғашқы тур ойындары өтеді. 

Жарыстың аталған сатысында барлығы 36 команда сынға түседі. Олардың әрбірі 8 ойыннан өткізеді. Оның 4-еуі өз алаңында, қалғаны сырт алаңда өтеді.

Ойындар кестесі

«Мидтьюлланн» (Дания) — «Штурм» (Аустрия)
ПАОК (Грекия) — «Маккаби Тель-Авив» (Израиль)
«Спортинг Брага» (Португалия) — «Фейеноорд» (Нидерланд)
«Црвена Звезда» (Сербия) — «Селтик» (Шотландия)
«Динамо Загреб» (Хорватия) — «Фенербахче» (Түркия)
«Мальмё» (Швеция) — «Лудогорец» (Болгария)
«Ницца» (Франция) — «Рома» (Италия)
«Реал Бетис» (Испания) — «Ноттингем Форест» (Англия)
«Фрайбург» (Германия) — «Базель» (Швейцария).
Бұл турдағы өзге ойындар 25 қыркүйекке белгіленген.

Алғашқы тур ойындары 24, 25 қыркүйек күні өткізілсе, екінші тур — 2 қазан, үшінші тур — 23 қазан, төртінші тур — 6 қараша, бесінші тур — 27 қараша, алтыншы тур — 11 желтоқсан, жетінші тур — 22 қаңтар, сегізінші тур — 29 қаңтарға белгіленген.

Ал плей-офф сатысындағы ойындар 19-26 ақпан, 1/8 финал — 12-19 наурыз, ¼ финал — 9-16 сәуір, жартылай финал — 30 сәуір-7 мамыр, финал 20 мамырға белгіленген.