Бүгін футболдан Чемпиондар лигасының финалы өтеді

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының финалында «Реал Мадрид» (Испания) мен «Боруссия Дортмунд» (Германия) кездеседі.

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Кездесу «Qazsport» телеарнасынан бүгін, 1 маусым 23:50-де тікелей эфирде көрсетіледі.

«Реал Мадрид» алдымен Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде Италияның «Наполи» (3:2, 4:2), Португалияның «Спортинг Брага» (2:1, 3:0), Германияның «Унион Берлин» (1:0, 3:2) клубтарымен ойнады. 

Өз тобында бірінші орын алған клуб плей-офф сатысында Германияның «Лейпциг» (1:0, 1:1), Англияның «Манчестер Сити» (3:3, 1:1, пенальтиден 4:3), Германияның «Бавария» (2:2, 2:1) клубтарын орта жолда қалдырды. 

Ал «Боруссия Дортмунд» топтық кезеңде Францияның «Пари Сен-Жермен» (2:2, 1:1), Италияның «Милан» (0:0, 3:1), Англияның «Ньюкасл Юнайтед» (1:0, 2:0) клубтарымен кездесті. 
Жарыстың келесі сатыларында Нидерландтың ПСВ (2:0, 1:1), Испанияның «Атлетико Мадрид» (4:2, 1:2), Францияның «Пари Сен-Жермен» (1:0, 1:0) клубтарынан басым түсті.

Финал Англия астанасы Лондон қаласындағы «Уэмбли» стадионында өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын Италияның «Аталанта» командасы Еуропа лигасының жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ, енді 1 маусымда Конференция лигасында «Олимпиакос» (Грекия) чемпион болды.