Бүгін футболдан ел біріншілігінің он бірінші туры басталады

Фото: qfl.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 15 маусымда футболдан Қазақстан Премьер-лигасының он бірінші туры басталады.

Аталған тур ойындары 15 және 16 маусым күндеріне белгіленген.

Бүгін, 15 маусымда алдымен 18:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Атырау» (Қызылорда) жасыл алаңға шығады. Одан кейін 20:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тұран» (Түркістан) кездеседі. Ал 16 маусымда 18:00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Жеңіс» (Астана) шеберлік байқасады.

Сағат 20:00-де «Елімай» (Семей) мен «Ақтөбе», «Астана» мен «Ордабасы» (Шымкент) ойнайды. Бұл турдың ойындарын «Qazsport», «Q Football», «Q Arena» телеарналары мен QFL.KZ сайтынан тамашалауға болады.

Айта кетсек, тоғыз турдан кейін 18 ұпаймен «Ақтөбе», «Қайрат» көш басында келе жатса, «Ордабасы» 16 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұр.

Еске салсақ, бұдан бұрын Милич Чурчич «Тобыл» командасы бас бапкері қызметінен кетті.