Милич Чурчич «Тобыл» командасы бас бапкері қызметінен кетті

милич чурчич
Фото: instagram.com/fctobol

АСТАНА. KAZINFORM — Сербиялық маман Милич Чурчич қостанайлық «Тобыл» командасы бас бапкері қызметінен кетті.

Қос тарап өзара келісім бойынша еңбек қатынасын бұзу туралы шешімге келді.

«Қостанайлық „Тобыл“ футбол клубы Милич Чурчичке және оның штабына клубта атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдіреді. Алдағы мансабында сәттілік тілейміз» деп жазылған хабарламада.

43 жастағы бапкер «Тобыл» командасына 2023 жылдан бері жетекшілік етіп келді.

Ол қостанайлық ұжыммен бірге Қазақстан Кубогы және Қазақстан Суперкубогы иегері атанды.

Әзірге Нұрбол Жұмасқалиев бас бапкердің міндетін атқарады.

Нұрбол Жәрдемұлы команда ойыншыларымен, жалпы Қостанай футболының тарихымен жақсы таныс.

Клубтың аңыз ойыншысы екені футболсүйер қауымға белгілі.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы ол «Тобылды» жаттықтырған, айдың үздік жаттықтырушысы да атанды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Леван Коргалидзе «Жеңіс» футбол командасының бас бапкері қызметінен кеткен болатын.

Сондай-ақ «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Кирилл Кекер де жұмыстан босады. 

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum