АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 4 мамырда футболдан Қазақстан Премьер-лигасының жетінші туры басталады.
Бүгін, 4 мамырда жетінші турдың бес ойыны өткізіледі.
Алдымен 14:00–де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Тұран» (Түркістан), «Жеңіс» (Астана) мен «Елімай» (Семей) шеберлік байқасады.
Ал 16:30-дa «Қайрат» (Алматы) мен «Атырау», «Тобыл» (Қостанай) мен «Жетісу» (Талдықорған) ойнаса, 19.00-де «Ақтөбе» мен «Астана» жасыл алаңға шығады.
Аталған турды 5 мамырда 19:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Қайсар» (Қызылорда) түйіндейді.
Бұл турдың ойындарын «Qazsport», «Q Football», «Q Arena» телеарналары мен QFL.KZ сайтында тамашалауға болады.
Айта кетсек, алты турдан кейін 10 ұпаймен «Ақтөбе», «Астана» мен «Жетісу» көш басында келеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан бірінші лигада «Каспий» төрт ойынның барлығында жеңіске жетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.