Футболдан бірінші лигада «Каспий» төрт ойынның барлығында жеңіске жетті

футбол
Фото: Наталья Зинченко \ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінде бесінші туры мәресіне жетті.

Аталған турдың екінші жарыс күнінде Ақтаудың «Каспийі» сырт алаңда Алматының «Қайрат-2» командасынан «Каспий» 2:1 есебімен басым түсті.

Ақтаулық клуб осылайша қатарынан төртінші мәрте жеңіске жетті. Әзірге ұпайдан шашау шығарған жоқ. Турнир кестесінде көш басында тұр.

Тағы бір ойында Жезқазғанның «Ұлытау» клубы өз алаңында Павлодар облысының

«Екібастұзын» 2:1 есебімен жеңсе, Түркістан облысының «Арысы» «Ақтөбе-2» клубына 2:3, Өскеменнің «Алтайы» Алматының «Хан тәңіріне» 0:1 есебімен есе жіберді.

Айта кетсек, 2 наурызда Түркістан облысының «Жетісайы» «Түркістанды» 5:2, «Тараз»

«Ақжайықтан» 3:1 есебімен басым түссе, «Қайсар-2» мен «Оқжетпес» 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Енді алдағы тур ойындары 9 және 10 мамыр күндері өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар