АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 5 наурызда футболдан Қазақстан Премьер-лигасының екінші туры басталады.
Екінші тур 5, 6 және 7 наурыз күндеріне белгіленген.
Алғашқы ойын 17:00-де талдықорғандық «Жетісу» мен елордалық «Астана» арасында өтеді. Бірінші турда елордалық ұжым «Жеңіс» командасын 2:0 есебімен жеңген болатын.
6 наурыз күні 14.30-дa «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл), 17.00-де «Атырау» мен «Ордабасы» (Шымкент), 19.30-да «Тобыл» (Қостанай) мен «Елімай» (Семей) жасыл алаңға шығады.
Ал, 7 наурыз күні 14.30-дa «Жеңіс» (Астана) пен «Шахтер» (Қарағанды), 17.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Қайрат» (Алматы) шеберлік байқасады.
Ойындарды «Qazsport», «Qsport» және жаңа «Qfootball» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.