АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының қорытынды ХХVІ туры басталады.
Бұл турдағы ойындардың барлығы сағат 14:00-ге белгіленген.
Бас жүлде тағдыры «Қайрат» пен «Астана» арасында шешіледі. Аталған турда «Қайрат» сырт алаңда «Атыраумен» кездессе, «Астана» Алматыда «Жетісуды» қабылдайды.
Сондай-ақ қола жүлдеге «Ақтөбе», «Тобыл» және «Ордабасы» командаларының бірі қол жеткізуі мүмкін.
«Ақтөбе» өз алаңында «Тұранды», «Ордабасы» «Елімайды» қабылдаса, «Тобыл» сырт алаңда «Қайсармен» ойнайды.
Тағы бір кездесуде «Қызылжар» мен «Жеңіс» шеберлік байқасады.
Еске салсақ, өткен турда «Қайрат» «Ордабасыны» жеңсе, «Астана» «Тобылға» есе жіберді.
Сондай-ақ осы аптада Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.