Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Молдовамен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін 2026 жылғы UEFA Ұлттар лигасы бесінші турында Молдова - Қазақстан кездесуі болады.

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Бұл кездесу 13 қарашада Қазақстан уақытымен 22:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойын барысында италиялық Андреа Коломбо бас төреші болса, оған отандастары Даниеле Биндони мен Джованни Баччини көмектеседі. Бас төрешінің бейнеқайталау төрешісі Алеандро ди Паоло болса, оның көмекшісі міндеті Федерико ла Пеннаға жүктелген. Төртінші төреші де сол елдің өкілі - Кевин Боначина.

Қазақстан құрамасының тізімі

Қақпашылар: Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан);

Қорғаушылар: Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де – «Астана»), Арсен Әшірбек, Әділбек Жұмаханов (екеуі де – «Елімай»), Сергей Малый («Ордабасы»), Владислав Васильев («Оқжетпес»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Мрынский («Қайрат»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Темірлан Ерланов («Ақтөбе»),

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Алмас Төлібай (екеуі де – «Елімай»), Айбол Әбікен («Қызылжар»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Бауыржан Исламхан, Дінмұхамед Қараман (екеуі де – «Астана»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»),

Шабуылшылар: Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей), Исмаил Бекболат, Азамат Тұяқбаев (екеуі де – «Қайрат»), Айбар Жақсылықов («Елімай»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов («Ахмат», Ресей).

Молдова құрамасының тізімі

Қақпашылар: №1 Эмил Тымбур («Милсами», Молдова), №12 Дмитрий Челядник («Қызылжар», Қазақстан), №23 Андрей Кожухарь («Петрокуб», Молдова);

Қорғаушылар: №2 Олег Рябчук («Спартак», Ресей), №3 Михаил Штефан («Шериф», Молдова), №4 Владислав Бабогло «Карпаты Львов» (Украина), №5 Кэтэлин Кукош («Милсами», Молдова), №6 Михаил Герасименков («Ванкувер Уайткэпс», Канада), №13 Серафим Кожокарь («Петрокуб», Молдова), №18 Юрий Йову («Кальяри», Италия), №19 Даниел Думбрэвану («Петрокуб», Молдова);

Жартылай қорғаушылар: №7 Никита Моцпан («Факел», Ресей), №8 Кристиан Дрос («Милсами», Молдова), №9 Сергей Туркан («Петрокуб», Молдова), №10 Штефан Бодиштяну («Ботошани», Румыния), №11 Виктор Стынэ «Кяпаз», Әзербайжан), №14 Владимир Фратя («Зимбру», Молдова), №16 Данила Форов («Шериф», Молдова), №17 Овидиу Давид («Шериф», Молдова), №20 Ники Клещенко («Зимбру», Молдова), №22 Вадим Рацэ («Университатя Крайова», Румыния);

Шабуылшылар: №15 Петру Попеску («Петрокуб», Молдова), №21 Дмитрий Мандрыченко — «Динамо Батуми», Грузия).

Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасы төрт ойын өткізіп үлгерді. Отандастарымыз Фарер аралдарымен (1:1, 2:2) екі мәрте тең түссе, одан кейін Словакия (1:2) мен Молдова (1:2) құрамасына есе жіберді.

Ал Молдова құрамасы Словакиядан екі мәрте (0:2, 0:4) жеңілсе, Фарер аралдарымен (1:1) тең түсіп, Қазақстанды (2:0) жеңді.