АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасында сұхбат берді.
Сұхбат барысында қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты пікір білдіреді. Атап айтқанда, Ұлттық құрылтайдың құрылу тарихы мен онда көтерілген бастамалардың маңызы, Қазақстан ғылымының бәсекеге қабілеттілігі, елдегі су тасқыны жағдайы және басқа да тақырыптар қозғалады.
Бағдарлама бүгін сағат 21:10-да эфирге шығады.
Еске салсақ, Ерлан Қарин 2022 жылғы 5 қаңтарда ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. Осыған байланысты Ерлан Тынымбайұлы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды.
2022 жылғы 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бірліктің бастауы болған дала демократиясының бастауын жалғастыруымыз керек. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз міндетін табысты атқарды. Енді оның орнына құрамы жағынан ауқымды Ұлттық құрылтай құруды ұсынамын», - деп ұсыныс жасаған болатын.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.