— 19 шілдеде Алматы, Балқаш қалаларында, түнде Өскемен, Семей, Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Алматыда экологиялық заң бұзған кәсіпорындарға 34 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.
Сонымен бірге БҚО-да экологиялық заңнаманы бұзғандардан бюджетке 2 млрд теңге өндірілді.