Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Kazinform / ЖИ

- 17 қазанда Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, 17 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер жаңбырдың қарға ұласуын, тұман, көктайғақ, шаңды дауыл болып, желдің күшеюін болжады.