— 21 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қостанай, Алматы, Талдықорған қалаларында, түнде Теміртау, Қарағанды қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Алматыда 2027 жылы жаңа экологиялық талаптар күшіне енеді.