— 3 мамырда түнде Астана және Көкшетау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, қазақстандық оқушылар экологиялық мәселелерді шешуге арналған суасты роботын жасады.
Бұған дейін ШЫҰ өңірде ортақ экологиялық қауіпсіздік белдеуін қалыптастыруды көздейтіні туралы жазған болатынбыз.