Бүгін қай өңірлердің ауасы ластанады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Freepik

— 28 қыркүйекте Алматы және Орал қалаларында, түнде Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Петропавл, Қостанай және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Жаңаөзендегі «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-не экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 2 млн 378 мың 750 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ал Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында жергілікті атқарушы органдарға жоспардан тыс экологиялық тексеру жүргізілді.

Бұған дейін Ақтөбеде ауадағы зиянды заттардың мөлшері шекті деңгейден асты.