Бүгін Қазақстанның 6 қаласында ауа ластанады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін еліміздің 6 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Фото: Kazinform

«3 наурызда Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Риддер, Орал, Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.