Бүгін Қазақстанның алты қаласында ауа ластанады

АСТАНА. KAZINFORM - 2025 жылғы 25 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Алматы, түнде астана қалаларында күтіледі.

Фото: Kazinform

2025 жылғы 25 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Алматы, түнде Астана қалаларында күтіледі. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.