Бүгін Қазақстанның алты қаласында ауа ластанады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның алты қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптаып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«2024 жылғы 29 қыркүйекте Қостанай, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.