Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

АСТАНА. KAZINFORM - 8 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы және Атырау қалаларында күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Фото: Pexels

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді.