Бүгін кей өңірлерде қар жауып, жел күшейеді

Қазгидромет синоптиктері 9 қараша, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Pixabay

Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы тұрақсыз ауа райы сақталады. 

Жауын-шашын (жаңбыр мен қар) жауып, жел күшейеді.

Еліміздің солтүстігінде көктайғақ болады.

Қазақстан бойынша күн тұманды болады деп болжанып отыр.