Бүгін шетелдік валюта қаншадан саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар 446,95 теңгеден сатып алынады, 453,95 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 490,99 теңге, сату - 500,99 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,25 теңге, сату - 5,45 теңге;
- юань 67,45 теңгеден сатып алынады, 71,28 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар: сатып алу - 448,84 теңге, сату - 451,25 теңге;
- еуро: сатып алу - 492,56 теңге, сату - 497,27 теңге;
- рубль 5,20 - 5,31 теңге аралығында саудаланады.
- юань 67,14 - 69,53 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 19 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,47 теңгеге өсіп, 448,72 теңге болды.