Ведомствоның дерегінше, Шығыс Қазақстан облысында — 2 өрт тіркелсе, Катонқарағай — 1 өрт болған.
Орман алқаптарындағы өрт жағдайлары РМҚК «Қазавиаорманқорғау» мамандарының әуеден бақылауы және мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жердегі кезекшілік жұмыстары барысында дер кезінде анықталған.
— Өрт ошақтарына жедел түрде тиісті күштер мен құралдар жіберіліп, оларды жою жұмыстарына орман шаруашылығы мамандары, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» қызметкерлері және арнайы өрт сөндіру техникасы қатыстырылды, — делінген хабарламада.
Қазіргі таңда өрттің таралуына жол бермеу, ошақтарды оқшаулау және толығымен сөндіру шаралары атқарылып жатыр.
Мамандар өрт қаупі жоғары кезеңде табиғи аумақтарға шығатын тұрғындардан қауіпсіздік талаптарына ерекше мән беруді ескертті. Табиғатта от жағу кезінде сақтық танытып, сөндірілмеген отты қалдырмау және өрттің алдын алуға бағытталған барлық қажетті шараларды сақтау маңызды екені айтылған.
Айта кетейік, кеше де Шығыс Қазақстанда орман өрті тіркелген болатын.