Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ТЖМ күштерімен өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Жетісу облысының Сарқан қаласы Қалиев көшесі бойында жеке тұрғын үйдің ауласында автокөлік жанды.
Оқиға орнына жедел келген құтқарушылар оттың одан әрі таралуына жол бермей, көлікті сөндірді.
Сондай-ақ түнде Астанада екі қабатты сауда үйінен өрт шыққанын хабарладық.