Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Синоптиктердің болжамы бойынша, 15 тамызда еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, тек Алматы, түнде Астана, Атырау қалаларында ауа сапасы біршама ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.