Бүгін үш қалада ауа ластанады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.

Фото: Pixabay

«2024 жылғы 22 маусымда Өскемен, Риддер, Теміртау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.